Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне барып, сұрапыл жылдардағы естеліктері мен жылы лебіздерін тыңдап қайтты. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында милиция қызметі ардагерлерінің арасында 9 майдангер, 28 тыл еңбеккері мен соғысқа қатысқандардың 8 жесірі бар.
Шаяхмет Мырзақанов – 90 жаста. Сол бір сұрапыл жылдар Ұлы Отан соғысы ардагерінің әлі есінде. Соғыстан кейінгі жылдары ол Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында қызмет атқаруды жалғастырған. Ол әр жыл сайын өзге ардагерлермен бірге туған ведомствосына құрметті қонақтардың қатарында келіп тұрады. Үстіміздегі жылы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов пен ведомстводағы ардагерлер кеңесінің мүшелері қарт сарбаздың үйіне халін сұрай келді. Жеңіс күні қарсаңында майдангердің кеудесіне медаль тағып, материалдық көмек және сыйлықтарын табыстады. Ал ақсақал отты жылдары бастан өткерген естеліктерімен бөлісті. «Сіздің ерлігіңіз – батылдықтың, әскери және азаматтық міндетке берілгендіктің үлгісі. Сіздің ерлігіңіз әрдайым біздің жадымызда. Оны ұрпақтан ұрпаққа айтып отыратын боламыз. Осындай бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымыз үшін, Жеңіс үшін алғысымыз шексіз», – деді ІІД бастығы майдангердің үйінде. Шаяхмет Мырзақанұлы қонақтарға келгендері үшін алғысын айтып, еңбек және өмір жолы жайлы естеліктерін әңгімеледі. Сұрапыл жылдардағы ерліктерімен Прасковья Кочнева да бөлісті. Ол көп жылдар бойы азаматтардың құжаттары мен куәліктерін дайындаушы болып қызмет атқарыпты. Капитан шенінде зейнетке шыққан. ІІД Әйелдер кеңесінің өкілдеріне генерал ұлы мен подполковник немерелері жайлы мақтанышпен айтып, бүгінгі полицияның жұмысы туралы сұрастырды. Облыстық ІІД медициналық қызметінің басшылығы да осы сынды шараларды қолға алып, 30 жыл адал қызмет атқарған Борис Иванович Пьяновқа келді. Соғыс аяқталған уақытта ол 9 жаста болған. Оның есінде соғыстан кейінгі жылдар ғана қалған. Хирург болып қызмет атқарып, кейін 1972 жылы ішкі істер органдарына медициналық қызметке ауысыпты. Запастағы подполковник ардагер жас қызметкерлермен жинақтаған тәжірибесімен, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, елде тыныштық пен таулықтың болуын тіледі. Сондай-ақ солтүстікқазақстандық полицейлер Жеңіс күні қарсаңында жерлес, Кеңес Одағының Батыры, милиция подполковнигі Филипп Чижиковті еске алды. Салтанатты шара Қызылжар ауданының Березовка селосында өтті. Ардагер өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында бастаған. КСРО ІІМ Алматыдағы офицерлер мектебін тәмамдаған соң, Түмен облысына қызметке жіберілді. Соңғы жылдары Ресей Федерациясының Воронеж облысында милиция қатарында қызмет істеген. Майданда жүріп қалаларды жаудан азат ету кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы, Алтын Жұлдыз медалі мен Ленин ордені берілген.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Берілген сөздерге морфологиялық талдау жаса. Мемлекеттерден, әртүрлі павильондарда, қызығушылықтарынан
Сыныптастарым әрі жолдастарым ! Баршаңа сәлем. Бұл менің сендерге деген жолдауым болсын. Бұдан кейін әркім өзінің жеке дара, ерекше жан екендігін түсінер деген ойдамын. Негізінде, сендер барлығың білімдісіңдер, білемін ! Бірақ ең басты нәрсе алға қойған мақсаттарың айқын емес ! Барлығыңа алдарыңа мақсат қойыңдар дегім келеді. Мақсат қойыңдар, алға ұмтылыңдар, бәсекеге қабілетті болыңдар ! Сендердің қолдарыңнан бері келеді. Сендер нұрлы болашақтың тірегісіңдер. Сендерді басқалар құрметтесін десеңдер, адал болыңдар, алдарыңда матсаттарың болсын. Жасампаз елдің мақсатшыл, қайтпас қайсар, зерек ұланы болыңдар ! Құласаңдар да, қайта тұрыңдар! Ешқашан берілмеңдер, қазақ ешқашан берілмейді. Болашақта еліміз сендермен мақтанатындай болсын дегім келеді. Менің бар айтарым осы. Сендер менің айтқандарымды естен шығармаңдар ! Осынау менің айтқандарымды арасында болсын естеріңе түсіріп қойыңдар. Біз әлі сонау биік жетістіктерге жетеміз. Ел болашағы біздің мойнымызда екенін ұмытпағайсыңдар.