os2854
?>

Кәсіби оқытудың тәсілдері ​

Казахский язык

Ответы

Жуков219

Кәсіби оқыту әдістері – бұл арнайы жүйе және ол логикалы бір ізділікпен іс - әрекет жасайтын инженер – педагог пен кәсіптік мектеп оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушылар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытып, кәсіби шеберліктің қыр – сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады.

Дидактикалық міндетерді шешуді қамтамасыз етудегі түрлі іс - әрекет қимылдарды біртұтас қызмет жүйесі деп түсінген жөн.

Іс - әрекет – бұл қарапайым ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған қимыл элементі.

Инженерлік психологияда іс - әрекеттің мына түрлері бар:

- пәндік – практикалық;

- пәндік - ойлау;

- практикалық белгілеу;

- ойлау белгілері арқылы.

Пәндік – практикалық іс - әрекет пәннің түрі мен көлеміне, оның кеңістікте орналасуына, өзгерісіне байланысты. Қол еңбегіне қатысты барлық кәсіпте бұл сипат басты мәңге ие.

Пәндік – ойлау іс - әрекеті, пән бейнесін, мазмұнын алдыңғы орынға қойып, оны әркез есте ұстайды. Ойлау қызметін ерекше орынға шығарады.

Практикалық белгілеу іс - әрекеті таңбалық жүйе мен практикалық белгілер әрекетіне негізделген. (түрлі есептрді шешу, кесте, сұлба бойынша мәліметтер іздестіру, жинақтау т.б).

Ойлау белгілері іс - әрекеті белгілер мен таңбалар жүйесін ойда сақтау қызметін алға қояды. (жадта ұстау, логикалық және есептеу операцияларын есте сақтау, ой жүгірту т.б).

Оқушылардың танымдық іс - әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері мынадай екі топқа бөлінеді:

1. Еске түсіру (репродуктивтік) арқылы.

2. Іздену (шығырмашылық) арқылы.

Еске түсіру әдісі арқылы оқушы білімді дайын күйінде алады немесе практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып, оқытушының не өндірістік оқыту шеберінің, басшылығымен игереді.

Іздену әдістері оқушыларды білізділікпен, мақсатқа бағыттай отырып, оқу үрдісі кезінде түрлі деңгейдегі танымдық есептерді шығару арқылы жаңа білім мен дағды негіздерін белсенділікпен меңгеру болып табылады.

Ақпарат көздері арқылыоқыту әдістерінтүрлендіру қазіргі білім беру үрдісінде басты мәнге ие болуда. Олар:

1. Сөйлеу әрекеті арқылы:

- Әңгімелеу;

- Түсіндіру;

- Лекция;

- Сұхбаттасу;

- Оқулық мәтінімен жұмыс;

- Дыбыс жазу таспаларын пайдалану;

- Нұсқау беру;

2. Көрнекілік:

- Демонстрациялау;

- Оқушының өзіндік бақылауы;

3. Практикалық;

- Жаттығу;

- Өндірістік – техникалық есептерді шешу;

- Зертханалық – сарамандық жұмыстар.

 

Кәсіптік оқытудың сан алуан әдістері бар. Сондықтан да оның жіктелуінде де көптеген пікірлер бар. Сол әдістердің жіктелуінің бірі – осы жоғарыда айтылған әдіс: оқушылардың танымдық іс-әрекеті бойынша жіктелуі.

stomcom01

Перевод.

Менің мектептегі өмірім.

Менің мектебімде қызық көп. Менің есімім – Регина, мен № 21 мектептің 8 – ші сыныбында оқимын. Жасым 14 – те. Мен көптеген олимпиадаларға қатысамын.

Бізде мейірімді ұстаздар көп. Менің сүйікті ұстазым – Наталья Михайловна, математика пәнінің мұғалімі. Ол қатал болғанымен, өте жақсы мұғалім. Өз ісінің маманы және әрқашанда көмек қолын созуға дайын. Сыныбымыз өте шулы болғандықтан басқа мұғалімдер бізге жиі шағым түсіреді. Бірақ мен өз сыныптастарымды шын жүрегіммен жақсы көремін. Осы сегіз жыл ішінде бір – бірімізге бауырдай болып кеттік. Менің ең жақын достарым: Әйгерім, Ілияс, Дамира және Артем. Менің сүйікті пәндерім - математика және дене шынықтыру. Біздің мектебімізде кітапхана, асхана, екі спорт залы, мұражай, хореография залы, медицина кабинеті бар. Менің мектебім маған ұнайды.

steger
Менің есімім Таня. Мен он төрт жастамын.Мен Макинск қаласында тұрамын. Сегізінші сыныпта оқимын. Мен бірінші сыныптан бері оқу үздігімін. Барлық адамдар секілді менің де бос уақытым бар және мен ол уақытты әр кезде әр түрлі өткіземін. Бірінші сыныптан жетінші сыныпқа дейін мен Балаларға арналған Шығармашылық үйіне бардым. Вокал, би үйірмесі, театр үйірмесі, сән үйірмесі, қолөнер үйірмесі, жеңіл атлетика және ақындар үйірмесіне қатыстым.Мен қазір Балаларға арналған Шығармашылық Үйіне бармаймын. Бос уақытым да біраз.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Кәсіби оқытудың тәсілдері ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

olesya-kwas
uglichwatch
skachmin
dmitriyb1
beaevgen711
Dmitrii_Shamilevich2019
departed744
Richbro7
doorhan42n6868
kirillboytsov403
inna-zub
kayrina
themolodoy
warlordkolomna