Алматы
Әр адамның өзінің сүйікті қаласы болады. Көп жағдайда а қ шағы мен ыстық естеліктер көп сақталған мекенді сүйікті қалам деп атайды. Сүйікті қалам… Оған міндетті түрде бір елдің астанасы немесе миллионер қала болу маңызды емес. Ол кішігірім, тыныш қала болуы мүмкін. Бастысы, жүрекке ыстық.
Әр қаланың адамдар секілді өзінің тағдыры, бет-бейнесі, мінезі бар. Мен өзімнің балалық шағым өткен, кішігірім Отаныма айналған қала туралы айтып бергім келеді.
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Шылауларды тауып, түрлерін ажыратыңдар.жақшаны ашып, шылау мен жалғауды емлесі бойынша бірге не бөлек жазыңдар. жылан мезгілін (де)ұйықтамаса, күз ұзақ əрі жылы болады.ордалы жылан (мен) құрт-құмырсқа топ-тобы (мен)басқа жаққа көше бастаса, табиғаттың тосын апаты болады.аққу оңтүстікке кеш қайтса, күз ұзақ (та)жайлы болмақ.мысық босағаны тырналап мазасызданса, ауа райы бұзылады, жел тұрады немесе боран болады.қаз(бен)үйректің қиқулап, қанаттарын қомдап мазасызданса бастаса, ауа райы бұзылады.қазақ тілінен 5жаттығу 15бет.
Жылан мезгілінде ұйықтамаса,күз ұзақ әрі жылы болады.Ордалы жылан мен құрт-құмырсқа топ-тобы мен басқа жаққа көше бастаса,табиғаттың тосын апаты болады.Аққу оңтүстікке кеш қайтса,күз ұзақта жайлы болмақ.Мысық босағаны тырналап мазасызданса,ауа райы бұзылады,жел тұрады немесе боран болады.Қаз бен үйректер қиқулап,қанаттарын қомдап мазасыздана бастаса,ауа райы бұзылады.