Сөз мәдениеті (орыс. культура речи, ағылш. speech culture) — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.
«Сөз мәдениеті» қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталай беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру «Сөз мәдениетіне» жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану «Сөз мәдениетіне» нұқсан келтіреді. «Сөз мәдениеті» сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. «Сөз мәдениеті» теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі «Сөз мәдениетінің» дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді.
Объяснение:
Ұлттық құндылықтарғаәр хaлықтыңғасырлар бoйы жинақтаған ұлттық, рухани және мәдени құндылықтары жатады. Осы құндылықтарды ұрпағымыздың бойынa сіңіріп, оқу-тәрбие үдерісінде ұлтжандылыққа, отаншылдық пен салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғaларды тәрбиeлеу – ұстаздар алдындағы басты міндет. Ұлтымыздың тұнып тұрғaн асыл мұра, рухани байлығын оқыту үдерісінe енгізу арқылы қазaқ хaлқының құнды ойларын, даналық пәлсaпаcын, өмірлік тәжірибeсін халық игілігі үшін қолдaна алaтын жан-жақты дамыған, білімді, өзіндік көзқaрасы бaр жеке тұлғаны қaлыптастырaмыз.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет-өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін іс екені сөзсіз. Халық даналығында: «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады» деген сөз бар. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шын мәніндегі Адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін еңбекті қажет ететін аумағы кең ,жауапкершілігі мол күрделі іс екенін ұқтырса керек. «Ту жанында қисық ағаш жатпайды» дегендей, сом тараулы тәрбие жолының тоғысар тұсы халықтың өзінде ,ата –баба салт санасында, дәстүрінде жатыр.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Өтінемін тасбақа туралы эссе керек тура 110 сөз болу керек 4 сынып
Тасбақалар (лат. Testudines) – бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.
Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті-мүйізді не сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Карапакс теріден дамыған сүйек тақташықтарынан тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа қанаттары және қабырғалар бекиді. Пластронның тақташықтары бұғана мен құрсақ қабырғаларынан құралған. Екі сауыттың біріккен жері тарамыс сіңірмен қозғалмалы түрде не сүйектері кірігіп жалғасады. Екі сауыт арасынан Тасбақалардың басы, мойны, аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде бұларды сауыт ішіне жиып алады. Көру, иіс сезу органдары жақсы дамыған, нашар естиді. Жақтарында тістері болмайды, иегінде тұмсық тәрізді мүйізді қабыршақтары бар. Құрлық Тасбақалары негізінен өсімдік қоректі; тұщы су Тасбақалары балықтармен, қосмекенділермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Тіпті бірнеше айдай қоректенбеуі де мүмкін. Құрлықта шағылысады (бір немесе бірнеше жүз жұмыртқа салады). Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Кейбір түрлері жылына 3 рет, кейде одан да көп жұмыртқа салады. Шар немесе эллипс тәрізді жұмыртқаларының сырты әктасты қабыршақпен (құрлық тасбақаларында), не терілі жабынмен (тұщы су тасбақаларында) жабылған. Инкубация кезеңі көпшілік түрінде 2 – 3 ай (піл тасбақаларында 6 – 7 ай). Табиғи жағдайда 150 жылдай тіршілік етеді.
Тасбақалардың Қазақстанда 2 тұқымдасы: тұщы су тасбақалары және құрлық тасбақалары, олардың бір-бірден түрлері (батпақ тасбақасы) бар. Екінші тұқымдастың жалғыз түрі – дала тасбақасы республиканың оңтүстігінде таралған. 38 түрі мен түр тармағы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.