Еуропа қалаларында көптеген адамдар велосипедпен жүреді, өйткені олар
велосипедтің жанар-жағармайды үнемдейтінін және қоршаған ортаның ластануын
азайтатынын біледі. Соған қарамастан, елімізде қала орталығында велосипедпен жүруге
тыйым салу туралы шешім шығарды. Ал мен бұл шешіммен толық келісемін. Осы тұрғыдан
өз көзқарасымды түсіндіріп өтсем... (өтейін, кетейін)
Менің ойымша, бұл шешім дұрыс. Біріншіден, біздің жолдарымыз Еуропадағыдай
велосипедпен жүруге арналмаған, олар тым тар және велосипедтерге арналған арнайы жол
жоқ. Сонымен қатар, велосипедтер бізге жол қауіпсіздігі жағдайында көмектеспейді, тіпті,кейде велосипед айдаушылар жиі жол қозғалысы ережесін бұзады және қайғылы жағдайға
душар етеді. Тағы да айта кетер жайт, еліміздің солтүстік өңірінің ауа райы велосипед
жүрісіне қолайлы емес. Қыста жолдарда мұз қатады, күзгі және көктемгі жолдар жауынды,
сондықтан велосипед қозғалысына қиындық тудырады.
Екіншіден, кей адамдар велосипедпен жүру біздің денсаулығымызға пайдалы деп
жатады. Алайда, мен бұл пікірге толықтай келісе алмаймын, себебі көптеген жол
апаттарында велосипед айдаушылар жарақат алып жатады. Кей адамдар велосипед айдау
экологиямызға пайдалы деп қарсыласуы мүмкін. Бірақ сіз тезірек жүретін әрі жайлы көлік
түрі – автомобильге де арнайы тазарту құралын орната аласыз ғой.
Қорыта келе, бұл мәселеге түрлі пайым-көзқарастар бар. Меніңше, жолда арнайы
велосипед жүру жолы болмаған жағдайда қала орталығында велосипед айдауға тыйым
салынуы керек. Менің пікірімше, велосипед ауыл арасы сияқты қысқа жолдарда жүретін
көлік түрі болып табылады.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Біз Қазақстанға 1944 жылы Грузияның Түркияға шегаралас Ахалкалак деген қаласынан жер аударылғанбыз. Ол кезде мен ес біле қоймаған жас баламын. Өзінің даласындай дарқан, пейілі кең қазақ халқы бізді жақсы қарсы алды. Бір бөлмелі үйінің бір бұрышын, екі бөлмелі үйінің бір бөлмесін босатып беріп, бүтінін бөліп, жартысын жарып беріп, аман-есен бейбіт күнге жеткізді. Ұлтым әзірбайжан болғанымен, қазақ тың қадірлі қызы болып жүргенім – осы тілдің арқасы. Қазақтың тілі киелі, киелі тіл жүрген жер де күйе жұқпайды. (Асылы Осман) 2.Тапсырма: Сұрақтарға жауап жазыңыз. 1. Мәтінге қандай тақырып қояр едіңдер? 2. Асылы Османның осы әңгімесінен нені байқадыңдар? (4-5сөйлеммен өз ойыңызды жазыңыз)
-Сəлем
-Сен домбыра тарта аласын ба?
-Жоқ
-Үйренгін келе ме?
-Əрине,ал сен тарта аласын ба?
-Мен бұрында тарта алмайтынмын қазір үйрендім
-Жақсы болыпты,кім үйретті?
-Домбыра үйірмесіне қатысқанда ұстазым үйреткен
-Менде үйірмеге қатысқым келеді
-Мен сені күтемін,бірге қатысайық
-Жақсы,ол үйірмеде ұстаздар жақсы ма?
-Əлбетте,олар өте мейірімді,ақ көңіл
-Жақсы үйірме сияқты.Ата анамнан рұқсат сұрап көрейін
-Ертеннен бастап келе берсе болады
-Сағат нешеде?
-Таңғы сағат 9:00-де
-Қай көшеге бару керек?
-Абая көшесінің бұрылысында
-Ертең міндетті түрде келемін,сау бол
-Кездескенше