zrv85
?>

Написать текст на тему "как проводятся праздник 9 мая в школе"на казахском языке (50-80 слов)

Казахский язык

Ответы

Neveselova
№20 орта мектептің Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған «Үлкенге –құрмет, кішіге- міндет» іс –шарасының  айлық жоспары  негізінде «Біз төленбес қарыздармыз»  соғыс және тыл  еңбек ардагерлерінің үйіне  9 сынып оқушылары саяхат жасады. Ащыбұлақ округінің және аудан бұйрығы негізінде ұйымдастырылған шараға оқушылар белсене қатысты. Ащыбұлақ тұрғыны тыл еңбеккері Шаншаров Бибінұр Естеуовна апаға және Белоусова Надежда Прокопьевна апаның үйіне 9в және 9 а сынып оқушылары сынып жетекшілері Рахимбаева А және Биекенова Ж бірге аралады. Оқушылар тыл ардагерлерімен әңгімелесіп, ауласына, үй тұрмысына қажетті көмек ұсынды. Тыл еңбеккерлері өздерінің совхоз кезіндегі еңбектерін, алган орден мараппаттауларын және балаларының, немерелерінің суреттерін көрсетті. Тыл еңбеккері Шаншаров Бибінұр Естеуовна үй шаруасыныа ешқандай көмек керек емес, барлығы жақсы деп алғысын білдірді. Тыл еңбеккері Белоусова Надежда Прокопьевна үш ұлы қайтыс болған, жалғыз тұрады екен. Оқушылар үйінің гүлдеріне су құйып, терезе шаңдарын сүртіп, есік алдын сыпырып көмек көрсетті. Жылы лебіздерін, ризашылықтарын білдіріп, тыл еңбеккерлері құрметке рахмет айтып шығарып салды. Оқушылар үлкен бір игі іс атқарғандарын сезініп, сыныптастары арасында талқылады.
Korikm
СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ.

Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.
Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады.
Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады.
Біреулер қап-қатты мұз да, газдай жеп-жеңіл бу да су болғаны ма деп таң қалады . Бұл — судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді.
Судың көптеген заттарды оңай ерітетін және бір маңызды қасиеті бар. Әрине, біз қанттың — шайда, ас тұзының сорпада қалай еритінін көріп жүрміз. Сонымен қатар су жердегі алуан түрлі тұздар мен басқа да көптеген қатты денелерді, газдарды еріте алады.
Табиғатта қо жоқ, тап-таза су дегенді таппаймыз. Таза суды тек лабораториялардан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организмге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.
Жер шарындағы судың жалпы мөлшері өзгермейді. Теңіздер мен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайтадан суға айналады.
Алайда ішуге жарамды таза су Жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Ал біз су құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек.
irinakuznetsova994741

Атау септігі: Айран, Ақуыз,Аскөк,Ашытқы,Балам,Бал,Балмұздақ,Балық,Балық сорпасы,Бауырсақ,Бәліш,Бидай ұны

Ілік септігі: Айранның, Ақуыздың,Аскөктің,Ащытқының,Баламның,Балдың,Балмұздақтың,Балықтың,Балық сорпасының,Бауырсақтың,Бәліштің, Бидай ұнының

Барыс септігі: Айранға, Ақуызға, Аскөкке,Ашытқыға,Баламға,Балға,Балмұздаққа,Балыққа,Балық сорпасына,Бауырсаққа,Бәлішке,Бидайға,Бидай ұнына

Табыс септігі: Айранды, Ақуызды,Аскөкті,Ашытқыны,Баламды,Балды,Балмұздақты,Балықты,Балық сорпасын,Бауырсақты, Бәлішті, Бидайды, Бидай ұнын.

Жатыс септігі: Айранда, Ақуызда,Аскөкте,Ашытқыда,Баламда,Балда,Балмұздақта,Балықта,Балық сорпасында,Бауырсақта, Бәліште, Бидайда, Бидай ұнында

Шығыс септігі: Айраннан, Ақуыздан,Аскөктен,Ашытқыдан,Баламнан,Балдан,Балмұздақтан,Балықтан,Балық сорпасынан,Бауырсақтан,Бәліштен,Бидайдан,Бидай ұнынан

Көмектес септігі: Айранмен, Ақуызбен, Аскөкпен,Ашытқымен,Баламмен,Балмен,Балмұздақпен,Балықпен,Балық сорпасымен,Бауырсақпен,Бәлішпен,Бидаймен,Бидай ұнымен

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Написать текст на тему "как проводятся праздник 9 мая в школе"на казахском языке (50-80 слов)
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

optikmir
vshumilov
Александровна1244
Coffee3862
Aleksandrovna370
nzagrebin363
rynaodal
Espivak
Koranna1986
fedoseevalyubov
d43irina
dm1trviktor585
silicon-films3375
annashaykhattarova1
kashxb2056