Конычева-музей"260
?>

Жер су аттарын қатыстырып мәтін құрастырып жазу

Казахский язык

Ответы

Dmitrievich1871

Саяхатқа шығу.

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол - ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте тек Қазақстан қалалары ғана емес, сонымен қатар алыс шетелге де сапар шексем деп армандаймын және осы арманым іске асу үшін мен сабақты жақса оқып, шет тілдерін меңгеруім қажет.

irohmichaelchikaodiri

Қаяздар - Қазақстанда саны тез азайып келе жатқан түрше. Арал су алқабында және Шу өзенінде тіршілік етеді. Шу өзенінде 1980 жылдардың аяғында жойылып біткен болу керек. Республикамызда бұрын да көп болмайтын, тек әуесқойлықпен ауланатын. Шардара су қоймасында қосалқы түр ретінде ауланған. Арал қаязына қарағанда майда, тұщы судың кәдімгі жергілікті балығы. Ұзындығы 70 см, салмағы 5,3 кг дейін жетеді. Қолдан өсірілмеген. Табиғи көбейетін жерлерін, басқа түрлермен (арал қаязы, қарабалық) будандасу шектерін зерттеу керек.

Акбөкен-Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды.

mouse-0211fsb3509
 «Мен бай адам болсам, не істер едім?» 
 Бұл сұраққа жауап табу маған қиынға соғып тұр, сонда да мен өзімнің ойымды жазайын!Мен бай болсам біріншіден мен экологиялық мәселелерді шешер едім,Мысалы мұнайсыз өмір жоқ деп халық шулап жатыр,Мұнайдың бізге сөссіз пайдасы көп,Мұнайдан бензин,жағар жанар май,пластиктің түрін бәрін атасам оның есебі жоқ,Бірақ ол мұнайды табу да  а экологияға ,табиғатқа көп зиян келтіреді,Қарандаршы Арал теңізі жер бетінен жоғалып барады,ал Каспий теңізінің флорасымен фаунасын жоққа келтірді,Қанша шағалалар ,балықтар ,тюленьдер өліп жатыр,Осының бәрі мұнай бұрғылау себебінен,Адамға ақша да,байлықта ешқашан жетпейді,Сондықтан бай болу маған арман емес" Қазіргі уақытта сабағымды оқып бітіріп,мамандық алу,ата-анама көмектесу,азаматтар қатарына қосылу осы байлық деп ойлаймын!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Жер су аттарын қатыстырып мәтін құрастырып жазу
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Hugokate77729
Семеновна-Павел
horina12
Aleksandr740
aggeeva
Blekjek730
erere4443
tihonovrv477
chikunova87194
Tatyana1374
Yelena1458
makscska22879
AndrukhovichKonovalov
mposte
mac4roc3781