Ел намысы – ер намысы» деген мақал жолдарымен толықтай келісемін. Қазақ халқы қашанда намысты ту етіп, биік қойған ұлт. Ұл балаларды кішкене күндерінен намысты қолдан бермеуге тәрбиелеп, бастарын идірмей, үміттерін сөндірмей өсірген халықпыз. Ар – намыс туралы мақал – мәтелдер де жетерлік, солардың ішінде маған ең ұнайтыны - «Ерді намыс өлтіреді, қоянды намыс өлтіреді». Демек, намыссыздық адам бойындағы жағымсыз қасиет.
Менің ойымша, намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды, адам бойында патриоттық сезімдерді оятып, елін, жерін, ұлтын ерекше қадірлеуге үйретеді. Яғни, намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Бойында ұлттық намысы бар адам әрқашан мәдениетін, тілін, дінін, салт – дәстүрін қастерлейді. Намысшылдық қасиет отбасымызда өз бастауын алып, ата – анамыздың үлгісімен өз жалғасын табады. Қандай заман болмасын, бізді ұлт қылған, тәуелсіз ел қылған осы намыс екенін ұмытпағанымыз жөн. Ұлттық намысымызды сақтай білейік, жүрегі «қазақ» деп соғатын намысқой жігіттеріміз көп болғай! Ұлттық ар – намысымызды сақтай білсек, ар – ождан да биік болады.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Классикалық стильде киінетін сипаттап жаз. кімді? нені? қандай? не істейді? деген сұрақтарға жауапберетін сөздерді қолдан.
Классикалық стиль- келісті, іскерлі, элегантты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді. Оның негізгі белгілері- фирманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі. Ерлердің классикалық киімдеріне- костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет- костюм, ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне- жеңді көйлек жакетімен, белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет- жейде кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттемейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде. Әйелдер киімінің құрамына ерлер пиджагі, жейдесі, шалбары түпкірлікті енді.