Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы жазғы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Күнделікті көлге шомылуға барып, ал одан соң түрлі экскурсияларға баратынбыз, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Жазғы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жаз.мен гүлге суды ертең құ
Туған жер -бұл сөздерді естігенде ,жан-дүниеңе ыстық сезім ұялайды. ..Туған жердей жер болмас ,туған елдей ел болмас .. деген қанатты сөз бар.Шынымен де , туған жердің әрбір тау мен тасы өзені мен көлі ,ауасы мен топырағы бәрі де адам үшін ыстық болады.Адамның туған жері көзге жылы,көңілге ыстық көрінедіТуған жеріңе сүйіспеншілігіңді сөзбен жеткізе алмайсын. .А туған жерін ешқашан ұмытпайды. Менің туған жерім мен үшін қымбат.Мен туған жерімнің тұнық ауасымен дем алып ,бақытты өмір сүріп жатырмын.