Демалыста (мезгіл үстеулерін қолданумен)
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Биыл менің жазғы демалысым өте қызықты өтті. Жылдағы әдетім бойынша демалыс басталысымен мен нағашы атам мен әжеме ауылға бардым. Таңертең ерте тұрып, жайлауға мал жаюға көмектестім. Күні бойы әжемнің дайындаған құрт, май, ірімшік пен қаймағын жеп, қолдың сүтін ішіп, біраз күш жинадым. Ауылдағы достарыммен күнде кешкісін футбол ойнадық. Осылай бір ай уақытым зымырап өтіп кетті.
Ауылдан қайтып келген соң, мен жазғы лагерьге демалуға бардым. Ондағы өткізген әрбір күн өз ерекшелігімен есте қалды. Күнделікті түрлі - түрлі сайыстар өткізіліп, біз барлығына белсене қатысып, жүлделі орындарға да ие болдық. Ол жерде көп балалармен танысып, жаңа достар таптым.
Лагерьден қайтып үйге келген соң, отбасымызбен шетелге қыдыруға бардық. Бұрын шетелге шықпағандықтан, бұл менің ұшаққа алғаш мінуім еді. Біз онда күні бойы қыдырып, түрлі мұражайларға бардық, саябақтарда серуендеп, мұхитта суға түстік.
Биылғы жазғы демалысым өзіме қатты ұнады. Жаңа оқу жылына біраз күш жинап, өте жақсы демалдым.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
50 ! төменде берілген сөздерді көп нүктенің орнына қойып, жұмбақтарды шешіңдер. кино менен концертті үйде беремін. жаңалығын бар елдің өз көремін. іші салқын, бар, күннен қашқан қой сынды. жылыда бұзылар, барша тағам тығылар. еденді кеп жаласа, қалдырмас ол түгін де. аузына оның таласа бар жүгінді. тазалауы тамаша, кілем мен жайнайды қараса. қызып кетсе бар жалғыз-ақ алаңы. бар жалғыз-ақ шатағы - іздей бастар . - - - - - - керекті сөздер: матаны, тез, алаша, көзіммен, қиқым, қойып, табаны, мұзы.
Кино менен концертті
Үйде қойып беремін
Жаналығын бар елдін
Өз көзіммен көремін(Теледидар)
Іші салқын мұзы бар
Күннен қашқан қой сияқты
Жылыда тез бұзылар
Барша тағам тығылар(Тоңазытқыш)
Еденді көп жаласа,
Қалдырмас ол түгінде
Аузына онын таласа
Бар қиқым жүгінді
Тазалауы тамаша
Кілем мен матаны,
Жайнайды қараса(Шаңсорғыш)
Қызып кетсе табаны
Бар жалғыз-ақ алаңы
Бар жалғыз-ақ шатағы--
Іздей бастар алаша(Үтік)