sse1105
?>

3тапсырматiрек создердi пайдаланып, "менин туган олкем поэзия мен прозада" деген тақырыпта шағын мәтін кура. матинде деректі дерексиз зат есимдериди пайдалан

Казахский язык

Ответы

Юрьевич293

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ...бірақ...

Ешкімді де билетпей қайтармаймын.

Онда ортаға тасталар ұран сондай:

Қайта алмайды қартың да бір ән салмай.

Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,

Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам...

Сәбилерге ағаны үлгі етемін,

Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін.

Менің жарым бұл түні кірпік ілмей,

Ақ көңілімен ақ қайың бүртігіндей,

Омырауынан бір сәуір шайқап есіп,

Ажырасқанды жүреді қайта қосып.

Мен өзім де ән салам түн ауғанша,

Менің жаным бұл күнге құмар қанша!

Бәйгі берем жығылған палуанға да,

Адалдығы сезіліп тұрар болса.

Қыз қуатын жігітке ат беремін,

Жанам деген жүрекке от беремін.

Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді,

Бір тамаша той қылып өткеремін.

Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым,

Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.

Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,

Қазанымда бір асым ет қалмауын.

Мен сөйтіп бар шаңнан бір сілкінемін,

Мен сөйтіп рақаттанып бір күлемін.

Кім білсін талай түнгі тілегім ед,

Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның

Объяснение:

дұрыспа дұрыс емеспа білмеймін

lubavarif83

Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар. Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды. Ол кісілер: «Пәле-жала жерге енсін! Төрт түлік ақты болсын! Өрісің малға,үйің жанға толсын! Ақ мол болсын!» деп бата беріледі.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

3тапсырматiрек создердi пайдаланып, "менин туган олкем поэзия мен прозада" деген тақырыпта шағын мәтін кура. матинде деректі дерексиз зат есимдериди пайдалан
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

papushinrv4985
yaelenatu
zrv85
chapaevval
vsnimschikov391
coleslow12
asskokov
natalia-shelkovich
Вадим-Рашад323
Sergeevich-irina
kristinagaspa62
Васильевич Валерьевна
atenza3736
Veselova
Виталий_Ильназ574