blizzardtap641
?>

Берілген сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлем құрап жаз.

Казахский язык

Ответы

eidevyatkina

3 тапсырма

1)

3

2

1

2) Менің ойымша тотықұс амал дос.Себебі ол əтешті керек кезінде пайдаланды.Былайша айтқанда сатқын жəне амал дос.Амал дос дегеніміз ол досын керек кезде қолданатын, керек емес кезде досын ұмытып кететін дос

4 тапсырма

Ермек үйіне жету үшін автобусқа мінеді.Автобусқа мінгенде бос орынға өзі отырмақшы болады.Бірақ ол өзінен үлкен,қарт атайдың тұрып тұрғанын көріп

Ермек:Ата отырыңыз

Атай:ой рахмет, көп жаса балам, өркенің өссін

Ермек: Рахмет ата.Анам маған ылғи өзіңнен үлкен кісіге орын бер,оларды сыйла деген

Атай:анаң дұрыс айтады балам.Сен секілді азаматтар көбейе берсін.

adminkuncevo

Практикалық психолог сөздігінде қарым-қатынасқа оның адамдар арасында контакт орнатудың және дамытудың күрделі, көп қырлы үдерісі екені айтылған. Ол өз бойына адамдардың бір бірін қабылдауын және түсінуін, ақпарат алмасуын және өзара әрекетін жинақтайды.

Алайда мұндай күрделі анықтаманың жәй адамға түсініксіздеу болуы да ықтимал. Дегенмен, қарым-қатынастың қызықты, қажетті дүние екені баршаға белгілі. Ол су мен тамақ сияқты адами қажеттілік. Сенбейсіз бе? Ғылым дәлелдегендей, жападан жалғыз қалған адамда алтыншы тәулікте есіту және көру елестері (галлюцинациялары) басталады. Ол бұл дүниеде жоқ бейнелермен тілдеседі, егер оқшау қалса, өледі. Сондықтан саналы адамға қарым-қатынас ауадай қажет.

Адамдар өзара тілдік және тілсіз құралдармен қарым-қатынас жасайды. Тілдік қарым-қатынас – бұл бір адамның басқа адамға сөз көмегімен ақпарат беруі және оны зерделеуі. Тілсіз қарым-қатынасқа: ым-ишараттар, мимика, пантомимика, дауыс тембрі, дауыстылығы, сөздің тездігі, үзіліс, күлкі, көз арқылы контакт, жанасу жатады. Адамдардың бір-бірімен араласуында ең кемі екі тұлға қажет. Олардың бірі ақпаратты бағыттайды, оны коммуникатор десе, екіншісі қабылдайды, ол – реципиент.

Олар мұны неге істейді? Бір-бірімен өз қатынастарын құру, бір-бірін түсіну, ақпарат алмасу, бірлесіп еңбек ету, оқу, кеңес беру, эмоцияларды білдіру, ойнау, әмір ету, жиналған тәжірибесін беру үшін.

Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, елдің жартысынан көбісі «қарым-қатынас жасаудан» қиналады. Бұл психологиялық проблема еркектерде де, әйелдерде де бірдей жиілікте кездеседі.

Әрине, сізге әңгімелесуде бөгелу, сенімсіздік, толқу, мазасыздану, қызарудан немесе ақылсыздау көрінуден қорқу сезімі таныс. Мұның бәрі бейтаныс адаммен тілдесуде, бірдеме сұрауда, көпшілік алдында сөз бастауда, басқа жыныстағы адаммен танысу кезінде болады. Мұндай кездері сіз өзіңізді теріс бағалайды, сынай бастайды немесе күлкілі жағдайға тап боламын-ау деген сезімді жеңу қиындықтарын бастан өткересіз. Сондықтан ең оңай жолы – қарым-қатынасты шектей бастаймыз. Алайда бұл алғашында көмектескенімен, дұрыс амал емес.

Мұны өзгертуге бола ма? Әрине, болады. Өкінішке орай, адамдар өздерінде қандай мүмкіндіктердің жасырынып жатқанын білмейді.

Бір экспериментте гипноз жағдайында ерекше қабілеті жоқ адамдарды олардың ұлы суретші екеніне сендіреді, нәтижесінде олар өздерін керемет тұлға сезініп, мүмкіндіктері артады, талғампаз өнер сыншыларын таң қалдырған суреттер салады.

Сондықтан ықпалды қарым-қатынасқа үйренуге болады және ол сіздің қолыңыздан келеді. Мұны арнайы коммуникативтік тренингтерге қатысып, игеру қиын емес. Сізден талап етілетіні – осы өнерге деген ынта және қызығушылық.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Берілген сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлем құрап жаз.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

mos197653
Gera8061
Nikolaevich
inj-anastasia8
semenovakotya577
anton1969026203
olimov
sargisyan
elvini857
astenSA
glebovaludok
tatyana58
lenarzhaeva
Darialaza
Aliferenko