Қазақстанның таулары бүкіл әлем туристерінің сүйікті демалыс орны болып табылады. Қазақ таулары өздерінің табиғи ландшафты, сирек кездесетін флорасы мен фаунасынан басқа биік таулы аймақтарда орналасқан шипажайларымен, сондай-ақ альпинистер лагерьлерімен де белгілі.Қазақстанның таулары биік таулы және аласа таулы аймақтарға бөлінеді. Аласа таулы аймаққа Орталық Қазақстанда орналасқан Сарыарқа жатады. Сарыарқа батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі – 500-600 м. Дала деп аталса да, Сарыарқада тау шыңдары да бар. Олардың ішінде ең биіктері – Ақсорған (1565 м) және Қарқаралы таулары (1403 м). Сарыарқа солтүстігінде Батыс-Сібір жазығымен, оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы. Жергілікті тұрғындар бұл жерді «қазақстандық Швейцария» деп атайды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінге ат қой. Мәтін бойынша жазбаша жоспар құр.
Таулар табиғаттың көркі. Ол әр адамды таңғалдырып, қызықтыратыны анық. Біздің мекенде көрікті таулар жетерлік. Мысалғы Бурабайда орналасқан Оқжетпес тауы жайлы аңыздар көп. Оның құпиясы да әлі күнге ашылмаған. Сол секілді әр тау ерекше. Тауға шықсаң таза ауамен демалып, өзінді жеңіл сезінесің.
Тауда мекендейтін жануарлар мен құстар да көп. Тауларды өте мықты және төзімді жануарлар мекендейді. Соның ішіндегі барыс, жыртқыш аң болып келеді. Ол өзінің әдемілігімен де ерекшеленеді.
Тауларға қарасаң олар аспанмен таласып, сырласып жатқандай болады.
Табиғаттағы әр тіршіліктің, заттың өз орны бар. Солардың ішінде тау өте ерекше. Ол айналамызға сән береді. Бұл таулардың құпиясы қашан ашылары белгісіз!