Менің күн тәртібім
Менің орныққан күн тәртібім бар. Барлық көздеген шаруамды істеп үлгеру үшін мен күн тәртібімді бұзбауға тырысамын. Сонымен менің қысқаша күн тәртібіме тоқтала кетсек. Мен күнделікті сағат жетіде тұрамын. Тұрғаннан соң, бірден төсегімді жинап, беті - қолымды жуамын. Содан соң ата - анаммен таңғы ас ішемін де, киінемін. Киініп болған соң, шашымды тарап, сырт киімімді киіп, мектепке кетемін. Мектеп үйдің жанында болғандықтан, мектепке жаяу барамын. Сағат сегізде сабақ басталады. Күнделікті жеті сабақ оқимыз. Сағат бір жарымда сабақ аяқталып, үйге қайтамын. Үйге келгеннен кейін, киімімді ауыстырып, қол жуып, түскі ас ішемін. Одан кейін ас үйді жинастырып, сабақ оқуға кірісемін. Сабақ оқуға шамамен екі сағаттай уақытым кетеді. Одан кейін інімді балабақшадан алып келіп, кешкі ас әзірлеуге кірісемін. Ата - анам жұмыстан келген соң, бәріміз бірге кешкі ас ішеміз. Содан соң, анама ас үйді жинауға көмектесіп, одан кейінгі бос уақытымды өз қалауымша өткіземін: не теледидар көремін, немесе кітап оқимын, болмаса әлеуметтік желіде отырамын. Сағат он бірде түнгі ұйқыға кетемін.
Ал демалыс күндері сәл өзгешелеу: Сабақтың орнына үйді жинастырып, атам мен әжеме барамыз. Айына бір рет ата - анаммен дүкенге барып, азық - түлік не болмаса басқа керек - жарақтарды аламыз.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-мәтін Қыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар көтереді. Атты көтере алмайды. Мұның бәрі екі қасқыр жайындағы Қараадыр елінің аңыз-әңгімесі еді. Жиын болып көпшілік бас қосса, көп әңгімелері екі қасқыр жайында болатын. Көксерек семіргенде, ірілеп өскенде — осындай даңқ, атақ ішінде семіріп, өсіп келе жатыр еді. Осы күйлердің бәрімен қатар, Көксерек оңашада елсізде қатты ойыншы болатын. Түс кезінде, я таңертең бір малды тасада аунатып жеп алып, елсіздегі қашандау жатақтарына қайтады. Сондайда ақ қасқыр жүрістен талып келіп тынығып жатса, Көксерек айналасында қар боратады. Жүгіріп екпіндеп кеп тістеп өтеді. Басынан асып аунап түседі, кейде ақ қасқыр ырылдап тісін сақылдатып, құлағын жымитып, ашумен тап береді. Ондайда Көксерек те қатты қорылдап гүр-гүр етеді. Кейде секіріп кеп ақ қасқырдың желкесінен қапсыра тістеп алып, қысып тұрып-тұрып барып қоя береді. Екеуі осыдан әрі ұзасып барып таласпайды. Артынан Көксерек қайта ойнайды.2-мәтінМұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде ауыл баласы Құрмаштың қасқырдың күшігін асырап алуы жайында. Қаламгер туындысында табиғаттағы тағылық заңы, адам мен жан-жануар арасындағы шекараны шебер суреттейді. Көксеректі күшік кезінен қамқорлықпен құшағына алып, мәпелеп өсірген Құрмаш сүйкімді бөлтірігін кімнен де болсын қорғаштағанымен, ауыл ақсақалдары қасқырдың бөлтірігінен секемденіп, тағылық заңның өзгермейтінін бала Құрмашқа түсіндіруге тырысады. Әйткенмен, өсе келе далаға қашып, бірнеше күн қатарынан бой көрсетпеуге дағдылана бастаған Көксерек арада біраз уақыт өткен соң бір топ қасқырды бастап, өзге ауылдармен қатар Құрмаш ауылының қойларына да шабуыл жасай бастайды. Мұның арты Көксеректің қой бағып жүрген Құрмашқа шауып, қамқор болған иесін өлтіруіне ұласады. Адамзат пен жануар әлемінің заңы басқа және ол тоғыспайды да. Тоғысқан жағдайда, артының жақсылыққа апармасын әңгімеден ұғынғандаймыз.