"Білім беру саласындағы инновация" тақырыбында диалог:
– Сәлеметсіздер ме,екінші курс студенттері!
– Сәлеметсіз бе,Айжан Қуанышқызы!
– Бүгінгі лекцияның тақырыбы "Білім беру саласындағы инновация".Жалпы "инновация" деген не?Естулеріңіз бар ма?
– «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіретінін білемін.
– Дұрыс.Сізді толықтыра кетсем,басты мәні бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктеменің жиынтығы.Осыдан біз білім беру саласында қандай жаңалықтар бар деген сауалға тоқталамыз.Мысалы,қазіргі таңда мектептерде бұрыңғыдай күнделік не мұғалімдер үнемі толтыратын журналдардың орнын басу жүзеге асып жатыр.Яғни,оқушылар үйге не берілгенін,белгілі бір пәннен қандай бағасы бар соның бәрін ғаламтор арқылы біле алады.
– Айжан Қуанышқызы, сөзіңізді бөлгенім үшін кешірім сұраймын.Сонда осындай инновациялардың білім беру саласына қандай пайдасы бар?
– Орынды сұрақ.Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді.Жақсы,лекциямызды әрмен қарай жалғастырамыз.
«Білім беру саласындағы инновация туралы ойым» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркежан: Анашым, бос уақытыңыз бар ма?
Анасы: Әрине, жаным. Айта бер.
Еркежан: Үй тапсырмасын орындауға сіздің көмегіңізқажет болып тұр.
Анасы: Иә, қандай тапсырма? Сұрай ғой.
Еркежан: «Білім беру саласындағы инновация» жайлы мәлімет айтып берсеңіз, қанша дегенмен сіз жоғары оқу орнында жұмыс істейсіз ғой.
Анасы: Алдымен, «Инновация деген не?» сұрағына жауап беріп көрейін. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді.
Еркежан: Сонда өз сөзімізбен айтсақ, білім беру саласындағы жаңашылдық десек бола ма?
Анасы: Әрине, жаным. Осылай да дұрыс болады. Жалпы, бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген мағынаны білдіреді.
Еркежан: Керемет, сонда біздің елімізде білім саласында қандай жаңалықтар бар, осыны айта кетсеңіз?
Анасы: Модульдік оқыту; блок-модульдік оқыту; компьютерлік технология; мультимедиа технологиясы; қашықтықтан оқыту технологиясы; желілік технология;интернет технология; интерактивтік технология деп аталатын түрлерін Білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз.
Еркежан: Атаулары таныс. Мектептегі мұғалімдеріміз осы аталған инновациялық технологияларды қолданады.
Анасы: Бұл технологиялар оқу үрдісін тиімді етуге көмектеседі. Саған қай технология көбірек ұнайды?
Еркежан: Маған, әрине, интерактивтік, интернет және мультимедиа технологиялары аса қатты ұнайды. Себебі бұлар заман талабына сай келеді деп есептеймін, әрі оқу процесі де қызықты өтіп, өз бетімізбен көп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Анашым, көмегіңізге көп рахмет!
Анасы: Оқасы жоқ, құлыным.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1) Қазақстан өзін қай уақыттан тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланды?2) Қазақстанның тәуелсіздігін қай мемлекет бірінші болып мойындады?3) Қазақстан халқының осы уақытқа дейін қандай жолдардан өткенін білесің бе?4) Қазір Қазақстан қанша мемлекетпен байланыс орнатқан?5) Қазақстанда соңғы уақытта қандай ірі шаралар іске асырылды ответы на все во
ответ: Қазақстан республикасы тәуелсіздігін 1991жылы алды
2.Казақстанның тәуелсіздігін Кытай мойындады
Объяснение: