Менің сүйікті бағдарламам - "Наша правда". Алексей Шахматов жүргізетін бұл бағдарлама КТК арнасынан болады. Мен үзбей көріп тұруға тырысамын. "Наша правда" бағдарламасында шынайы өмірден алынған оқиғалар баяндалады. Бағдарламаға түрлі адамдар келіп, өз бастарынан өтіп жатқан мәселелермен бөліседі. Сол мәселенің шешімін табуды көздейді.Әр бағдарламада көтерілетін тақырыптар көптеген саланы қамтиды. Бағдарлама өте қызықты өтеді. Наша правданы тамашалайтын көрермендер де көп деп ойлаймын. Бағдарламаның әр санына арнайы мамандар және сарапшылар келіп пікірлерін айтады. Сондықтан, бұл бағдарламаның болашағы зор.
alzheleshikov
30.09.2022
Дастархан жақсы жасалған үстелдің негізі болып табылады. Ол таза, мінсіз үтіктелген болуы, жан жағынан кем дегенде 20 сантиметр салбырап тұруы тиіс. Дастарханның түсі кез келген болуы мүмкін. Алайда, ыдыс-аяқты дастарханның түсіне және өрнектеріне қарап таңдау керек. Егер ыдыс тегіс болса, дастарханның аса қызықты түрлерін, мысалы өрнектері бар, түрлі-түсті және т.б. түрлерін қолдануға болады.Дастарханның алдына көп-көп тамақ қою керек. Жайылған дастархан — біріншіден, отанасының қандай екенін білдірсе, екіншіден, қонаққа көрсетілген құрмет пен ілтипат.