Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
Объяснение:
Немесе мынау:
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 24 жыл толды.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Бұл атаулы күн 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 2008 жылғы 25 маусымдағы және 2009 жылғы 22 сәуірдегі заңдармен өзгертулер енгізілген 2001 жылғы желтоқсанның 13-інде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес атап өтіледі.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
"Көмектесіндер әдебиетен" Шешендік кандай ұлт өкілдеріне тән? Риторика дегеніміз не ? Нені зерттейді? Риторика ғылымының негізін қалаушылар кімдер ? Қазақ шешендік өнерін зерттеушілердің еңбегі жайлы не білдіңіз ? Қазақ шешендік сөздерінің түрлері ? Арнау мен толғаудың айырмасын ажыратыңыз Қазіргі кезде шешендік өнерінің қандай түрі өзектілігін жоғаттаған ? Шешен деген кім ? Сіздің сөздік қорыныз өз жас ерекшелігіңізге сай келеді деп ойлайсыз ба
Балалалар әдебиетінің классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың өлімі туралы алып-қашпа әңгіме көп. Ол 1991 жылдың 24 шілдесінде Алматы қаласының сыртындағы саяжайында көз жұмған. Сол кездері бірге тұрып жатқан екінші жұбайы Бибігүл Қонысбаева жазушының жүрек ауруынан кеткенін айтады. Журналистердің қайталай қойған сұрағына соңғы 20 жылда осы жауаптан бір танған емес.
Өмірінің соңғы жылдарында жазушылардың ешқайсымен араласпаған Бердібек дүниеден өтетін күні де саяжайында жалғыз болған. Қазақ кейде мұндай қайғы үстінде шындықты біліп тұрса да, сыртқа шығармай, үнсіз қалып жатады. Бердібек те үнсіз жерленген. Алайда, арада жылдар өткенде ақын Қадыр Мырза-Әлидің «Жазмышы» жарық көріп, жазушылар арасында біраз дүмпу тудырды. Ақын кітабында Бердібектің өлімі туралы: «Бердібек Соқпақбаев сергек те шымыр, сүйегі асыл, мықты қазақ болған. Үлкен-үлкен аурулар түгіл, ұсақ-түйек аурудың өзімен ауырып, тіптен тұмауратып көрмеген, аяқ-қолы балғадай азамат еді. Ал жазушы ретінде шындықтан, реализмнен басқаны мойындамайтын, бояма шығармаларды иттің етінен жек көретін бірбеткей батыр қазақ-ты. Бір күні сол ағамыз ойда-жоқта қайтыс болды. Жұрттың сөзіне де, өз құлағыма да сене алмадым. Сенуім де мүмкін емес еді. Бірақ, сен, сенбе! Өлген адамды тірілте алмайсың. Арулап о дүниеге аттандырдық. Қимас қаламгерді қара жер құшағына тапсырдық. Өз қолымызбен жерледік. Әйтсе де, көңілде күдік қалды. Адам бірдеңені сезеді. Сезеді! Күдіктенсем, күдіктенгендей-ақ екенмін. Кейін Бердібек Соқпақбаев қазасына куә болған бір әріптесімнен төрт-бес адам болып барып, Кеңсайдағы саяжайынан төбеде асулы тұрған марқұмды өз қолдарымен түсіріп алғанын естідім. Қазақ ба зі оның қалай өлгені туралы шындықты бүгіп қалды. Біздің өзіміз түк білмедік. Қалың қазақ оқырманы әлі күнге шейін оның қалай қаза болғанынан бейхабар», – деп жазды. Осылай жазушы қазасының қалай болғанынан қазақ қоғамы хабардар болды.