Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Берілген мәтіннен тірек сөздеріп теріп, синонимдік қатарға ауыстырыңыз.Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңыз. Күннің тұманды мұнардан көтерілуі ауа райының ыстық болуының нышаны. Ал батар күн қызыл шапаққа малынып барып ұясына кірсе, ертеңінде шыжыған ыстық болатынын білдіреді. Қыс айларында көкжиек ашық болып, қызыл шапақ шашса ауа райы жылы болатындығының нышаны. Күн көзі жаз айларында бұлттанып батса жаңбыр болады. Бұл қыс айларында қардың нышаны. Күннің қоралануы қыс айларында қардың қалың болуына бастайды. Ал Айдың қоралануы қыстың қатты болуының нышаны. Қазақтың «күн қораланса күрегіңді, ай қораланса аяғыңды сайла» деген мәтелі осыдан айтылған. Мұның мәнісі күн қораланып, қар қалың түссе, күрекпен қорық ашуға тура келеді. Ай қораланса түйеге жүгіңді артып, қоныс аударуға тура келеді дегені. Күн құлақтанып шықса, не боран, не аяз болады. Күн құлақтанып батса, ауа райы жылынуға бет алғаны. Егер жаңа ай шалқалап туса, ол айда ауа райы малға жайсыз болады. Егер жаңа ай тік туса, аура райы малға жайлы болғаны. Қазақтың есепші, жұлдызшыларның бақылауы бойынша маусым айының бірінен бастап үркер көкжиектен көтерілмейді, содан шілде айының он жаңасында көрінеді. Ал, 21 шілде үркер айдың қасынан көруге болады. Үркер мен Айдың қатар көрінуін қазақ «Тоғыс» деп атайды. НУЖНО КАЗАНСКИЙ ЯЗЫК 7 КЛАСС