Ата-ананың қадірін білмеген - халық қадірін білмес.
Халқымыздың байырғы ұғымында баланың анасы алдындағы парызын өтеуі ана сүтін ақтау деп аталады. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры. Ал нәресте өмірінің нәрі – Ана сүті.
Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді.
Теңіздей тербелген өмір толқындарынан баласын аман алып қалу үшін барын салады. Сондай зор махаббатпен өсірген өрені қартайған шағында мейірімге бөлер ме екен? Баласының болашағы үшін бар өмірін арнаған ата-анасы қартайып аз ғана көрер жарығы қалғанда оны сүйіспеншілік пен мейірімге бөлей алмаған адамның адамгершілігі бар деп айту қиын. «Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білерсің» деп бабаларымыз жырлағандай «ата-анаға не істесең, алдыңнан сол шығады». Анаңды құрметтемесең, анадан несін туасың? Адамды құрметтемесең, адамнан несін туасың? – деп жырлаған екен халқымыз. Қандай өркениетте болсын, қандай ұлттарда болсын ата-анаға деген құрмет ешқашанда өзінің құндылығын жоғалтқан емес, ата-анаға ең биік орын беріп ерекше бағалайды. Ұл-қызымыз ұлағаттылықты ұстанып, инабаттылыққа ұмтылып, арын кірлетпей, кіршіксіз таза ұстап, ата-ананың алдында адалдығынан ажырамай өмір сүрсе, аналар да жыламас еді, жетімдердің де көзі жәутеңдемес еді.
Перзент – ата-ана еккен ағаштың жайқалған жасыл жапырақтары, әке мен шешенің өз қолдарымен мәпелеп өсірген ағаштың көптен күткен жемісі. Алғашында ата-ана перзент панасы болса, кейін керісінше әр перзент ата-ананың панасы болуы оның пенделік, перзенттік парызы. Қызын қуыршақтай, ұлын құлыншақтай қылып алақанында аялап өсірген жемісінің дәмін тату, бейнетінің зейнетін көру – әр адамның арманы. «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» депті бағзы бабаларымыз. Ата-анасының қадіріне бармаған бала құдды құрт түсіп, шіріген жеміс іспетті. Бала емес, бәле өсіргенін кейіннен түсіну – көңілдің күйікті күйініші, өзекті өртейтін өмірдегі өкініші.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Автордың не айтқысы келгенін жұбыңнан сұра.Автокосмонавт «Байқоңырды» ерекше ептілікпен қосжұлдызатмосферасына алып кірді. «Байқоңыр» планетаның ең шеткіорбитасына еркін енді де, оның спутнигіне айналды. Сол кездекүтпеген жерден қызық құбылыстар басталды. «Байқоңыр» орбитағатүсісімен, жан-жақтан метеорит тәріздес ұсақ денелер жауып кетті.Кәдімгі жер үстіндегі адамды бас салатын шыбын-шіркей тәрізді.Тұс-тұстан «Байқоңырды» соққылап, құлап жатыр. Бірінші бопайқайлап жіберген кеме биологі Туранов болды.– Жолдастар, құттықтаймын! Сіздер адамзат тарихында тұңғышрет жанды метеориттер жауынын көріп отырсыздар. Кибер, дереубиомагнитті іске қос! – деді ол.Осы кезде Кибер астыңғы отсектен сүйретіп бірнеше сүлік тәріздесжанды заттарды әкеліп тастай салды. Экипаж мүшелері жапырлайжүгірісіп, космос сүліктерін көре бастады...Космос балықтары тұяқ серіппей өліп қалыпты. Денелеріненжасыл сұйықтық бөлініп жатыр...Т. Сұлтанбеков. «Ғажайып планета»
Объяснение:
Біліміңді тексер
1. Аграрлық төңкерістің өнеркәсіп төңкерісінен ерекшелігі неде?
2. Англиядағы өнеркәсіптік төңкерістің алғышарттарын ата.
3. Өнеркәсіп төңкерісінің дамуы қандай салаларды қамтыды?
4. Қандай жағдайлар жұмысшылар ортасында наразылық тудырды?
5. Капитализмнің мануфактуралық даму сатысынан фабрикалық даму сатысына
өтудің барлық алғышарттарын атап көр.
6. Неге ХІХ ғасыр тарихқа «мәшине» ғасыры, «темір» ғасыры ретінде кірді?
7. Аристократияның буржуазиямен қосылуына, «жаңа» таптың қалыптасуына
қандай жағдайлар себеп болды?
8. XIX ғасырдың екінші жартысында «орта таптың» қоғамдағы рөлі қандай
болды?
9. Буржуазия қандай қасиеттерімен ерекшеленді?