Музыка – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Өзінің эмоциялық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.
superkiosk249
13.05.2022
Деңсаулық адамзат үшін өте маңызды.Оны ақшаға сатып алмайсын!Егер сен ауру болсан, өз арманыңды, мақсатынды атқара алмайсын.Денсаулықтың құны жоқ!Кейбір адамдар темек шегіп, арақ ішіп, өз-өзін ақырындап өлтіредіДені сау адам болу үшін, денені шынықтыру керек.Көп спортпен айналасу керек.Менің досым Гульмира спортпен айналасады, сондықтан аз ауырады.Меніңше біздің өмірімізде жаман әдеттерге орын жоқ болу керек.Меніңше әлемде сау адамдар өмір сүру керек, сонда ғана біздің әлеміміз әдемі болып жайнайды.