secretar62
?>

Тәні сұлу сұлу емес жаны сұлу сұлу эссе​

Казахский язык

Ответы

pak1998378

Сұлулықты әркім әр түрлі түсінеді ғой, бірақ ол туралы жалпы түсінік те бар.

Табиғаттың сұлулығына шексіз сүйсініп, таңғалып тамсанамыз, содан ерекше ләззат аламыз. Ал адамның сыртқы сымбат сұлулығы кімге де болсын ұнайды, қызығамыз, кейде іштей қызғанамыз. Алла жаратқан жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің ең сұлуы – адам көрінеді. Әр адамның бет-бейнесі, кескін-келбеті, мінез-құлқы әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Барлық халықта сұлулық белгілері: сұңғақ бой, аршын төс, бөкен сан, қылдай қыпша бел, ашаң аппақ жүз, қыр мұрын, қиғаш қас, оймақауыз, күлім көз, қолаң шаш, т.б. болып келеді. Кейбір адамның бет-бейнесі айта қаларлық сұлу болмаса да, өзіне тартып тұрар бір қасиеті болады. Ол қасиет – адамның адамгершілік қасиеттерімен тығыз байланысты ішкі жандүние сұлулығы. Өмірде сұлу адамдар өте көп, бірақ жаны сұлу адамдар көп деп айта алмайсың. Қазақ «Жылқы кісінескенше, адам түсініскенше» деген екен. Асқан сұлулардың сөйлесе келе таяз екенін байқасаң, сұлулығы көк тиын болып қалады. Жан сұлулығы, сөзсіз, сана-сезімнің басқаға қарағанда жоғарылығынан туындайды. Адамның өнер мен білімге, өмір сүруге құштарлығы, айналасындағы сұлулықтың бәрін жоғары бағалауына, сүюіне ықпал етеді. Сұлулықты көре білсең, оны бағалай да білесің. Көркем шығармаларда (байқайсыз ба, атының өзі көркемдікке, сұлулыққа тәрбиелейді) табиғаттың көркін, адамдардың жақсы істерін, мінез-құлқын, келбетінің, жандүниесінің сұлулығын сипаттайды, үлгі етеді. Оқырман кейіпкерге ғашық болады, сондай болуға тырысады. Жазушы Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романын оқып, Ботагөз бен Амантайға ғашық болған оқырмандар балалары туғанда сол кейіпкерлердің атымен атағаны мәлім. Сұлулық көздің жауын алады, ғашық қылады, таңғалдырады, тамсандырады, табындырады. Жас баланы туғаннан айналасындағы әдемілікті көріп, сезіп, түсініп өсуге баулу, тәрбиелеу керек. Сол бала тәрбиесіне БАҚ құралдары көп әсер ететіні шын. Теледидардан көбіне жауыздықты, қанішерлерді, қатыгездікті, судай төгіліп жатқан адам қанын көрсетеді. Соны көріп өскен жастар ертең ел-жұртына жақсылық жасай ма? Қазіргі замандағы ең жексұрын, жүрек айнытар қылмыстар арақ ішіп, есірткі шегудің салдарынан болып жатыр, оны сол теледидардан көрген, білген адамдар жасауда. Бұрын теледидардан көрсететін әр шығарманың тәрбиелік мәнін сараптап, көрсетуге бола ма, болмай ма, оның пайдасы мен зияны туралы ойлаушы еді, ал қазір тек эфир толса, ақша түссе болды. Бір түрлі жүрекке жылы, жаныңа жақын жақсылық, сұлулық көргің келеді. Аңсайсың да тұрасың. Сұлулықты көре, сезе білген адам жамандыққа бармайды.

«Сұлулық әлемді апаттан сақтайды» демекші, сұлулықтың, әдеміліктің өмірде маңызы аса зор. Адамның жандүниесі де, сырт келбеті де сұлу болса, ол – жаратушы Алланың сыйлығы. Тек өзің жүрген ортада жаны сұлу, жүзі жарқын, әрқашан жақсылық туралы ойлап, жақсы жолмен жүретін адамдардың көп болғаны қандай тамаша десеңші! Өмір өлшеулі болғандықтан, көзіміз тіріде жарық дүниенің шексіз сұлулығына тоймай, сұқтана қарап, жақсы істерімізбен айналамызға шуақ шашуымыз керек. Көз соқырлығынан көңіл соқырлығы жаман. Көңілі соқыр сұлулық әлеміне сапар шеге алмайды. Ал көзі соқыр адамдардың ішінде қаншама дарынды музыканттар, суретшілер, мүсіншілер, жазушылар, ақындар бар. Олар болмайтынды болдырып, таңғаларлық тамаша өнер туындыларын дүниеге әкелген. Өмірдің көмескі жақтары да бар болғанмен, жүрегінің жылуы, көңілінің сәулесі бар адам әр уақыт өмірдің жарық жағын қалайды. Өзін де, өзгені де шуаққа бөлеп, күнше жылытады. Міне, сұлулық деген сол

fmba18

Тәуелсіздік туралы шығарма

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.

Sofinskaya1185

Жақсы болу - парызым.

Ата – ана - бізге жарық дүние сыйлаған, бізді бағып – қағып өсірген, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қатарға қосып, ешкімнен кем қылмай, бойымызға ізгі тәлім – тәрбие дарытқан асыл жандар. Осы өмірдегі ең жақын адамдарымыздан біз бойымызға бар жақсылықты сіңіреміз.

Дәстүрлі қазақ отбасында ата –ананы ерекше құрметтеп, қадірлейді. Ата – ананың айтқан ақылына құлақ асып, сыйлау – әрбір баланың парызы деп есептеймін. Ата – анамыз бізге бар білгенін үйретіп, жамандықтан аулақ болуға, керісінше жақсылық жасауға, жаны жайсаң адамдармен дос болуға үйретеді. Қанша дегенмен, үлкен кісілердің өмірден көрген – білгендері, тәжірибесі көп. Сондықтан, ол кісілермен ақылдасып, айтқан өсиеттеріне құлақ асу абзал деп есептеймін.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Тәні сұлу сұлу емес жаны сұлу сұлу эссе​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

udalova-yelena
Kochereva-Sergei
Валерия Воробьева396
Nikolai_oksana
bsi771184
arbat
MikhailovichVitalevich1393
info292
rendikalogistic
sapelnikovk-74
Viktorovich
andyrvo
mir5552
ksen1280
aobuhta4