Yelena_Irina826
?>

кобыланды батыр жырынын неше нускасы аныкталган

Казахский язык

Ответы

Геннадьевич-Тимофеева158
Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма.«Қобыланды батыр»жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында,ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы,махаббаты,ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған. Осы нұсқалардың барлығы да оларды алғаш хатқа түсіріп,оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен аталған.Бұл нұсқалардың көпшілігі бұрыннан белгілі,халық арасына кең тараған,ғалымдар азды-көпті зерттеген жырлар.Кейінгі кезге дейін белгісіз болған-Дәулетше нұсқасы. Жыр Марабай нұсқасына ұқсас. Бұл жырдың 1884 жылы араб әрпімен жазылған түпнұсқасы Қазан мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтаулы.1860 жылы қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің Марабай жыраудан халықтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар «Қобыланды батыр» жырын жазып алған.Оның ең көркем,ең қызық бір тарауын Қобыландының Тайбурылмен Қазан ханға қарсы шауып бара жатқан сәтін 1879 жылы басылып шыққан „Қырғыз хрестоматиясына“ енгізді. 1870–1890 жылдарының аралығында «Қобыланды батыр» жырының кейбір үзінділерін В.В. Радлов пен Г.Н. Потанин жариялаған. Осы жырды 1932 жылы С.Сейфуллин, 1939 жылы С.Мұқанов „Батырлар жыры“,„Батырлар“ деген жинақтарға енгізген. С.Сейфуллин,М.Әуезов,С.Мұқанов,Ә.Марғұлан,М.Ғабдуллин,О.Нұмағанбетова. т,б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде «Қобыланды батыр» жырының мазмұндық,көркемдік қасиеті жан–жақты қарастырылған. Жеті буынды өлшеммен жырланған эпостың тілі айырықша көркем,эпитет,теңеу,салыстыру,әсерлеу молынан кездеседі.Қазіргі кезде бұл жырдың нұсқалары Мәскеу,Алматы,Орынбор,Қазан,Ташкент,Нөкіс қалаларының мұрағаттарында ,Орталық ғылым кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
spec-nt

XVIII гасырдагы улы тулганын бiрi - Уйсiн Толе би. Ол Аз Таукенiн тусында "Жетi жаргы" атты зан жобасын жасаган когам кайраткерi, ел агасы. Ьоле Алiбекулы казiргi Жамбыл облысы Шу ауданынын Жайсан жайлауында дуниеге келген. Казак шежiресiнде: Дулаттан Жансы, одан Жарлкамыс, Жарылкамыстан Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Кудайбердi би. Сол тогыз улдын бiрi Алiбектен Толе би туады. Толе жастайынан ескiше окып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кiтаптарды, аныз, хисса-хикаяларды коп окиды. Бiр жагынан казактын аныз-ангiме, олен-жырларын, шежiре-тарихтарын ел арасынан тындап, асiресе озiнiн бабалары Жанту, Жарылкамыс билердiн кесiмдi, тапкыр, онегелi накыл, шешен создерiн ойында сактап оседi. Толенiн акесi Алiбек те созге дiлмар шешен би болган кiсi. Толе бала акесiне ерiп журiп ел коредi, журт таниды.

Karina-evgenevna1899

«Асханада» тақырыбына диалог құрастыру.

Кенжебек: Дене шынықтыру сабағының бірінші болғаны қиын, ия?

Мейіржан: Айтпа, таңертең оятқышымды (будильник) естімей, ұйықтап қалып едім. Сол себептен таңғы асымды да ішуге уақытым болмай, енді біраз жүгіріп, қимылдаған соң қарным ашып барады.

Кенжебек: Жүр, онда асханаға барып жүрек жалғап алайық.  

Мейіржан: Бармасақ, болмас ...

Кенжебек: Ал мен бүгін керісінше ерте оянып, анамның дайындаған таңғы асын ішіп, үйден тойып шыққанмын. Дегенмен, саған серік болып, тәтті тоқашпен шай ішіп алайын. Ал сен не аласың?

Мейіржан: Қарным ашқаны соншалық, асханадағы тамақтарды көріп, көзімнің тоймай тұрғаны... Бірақ, нан қосып, ботқа (каша) жегенім жөн болар.

Кенжебек: Апай, бізге екі шай, бір тілім нан, тәтті тоқаш және сұлы ботқасын беріңізші.

Асханадағы апай: мінекей, балалар, ас болсын! Барлығы 500 теңге болды.

Мейіржан: Рахмет, апай!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

кобыланды батыр жырынын неше нускасы аныкталган
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Александра Викторович531
snow8646
ev27076878
nat5555
Fedoseeva
Поликарпова-Мазурова
vadimpopov88
Татьяна_Александра1114
Ғарыш әлемінде диалог құрау класс​
pravovoimeridian
partners
kotsur
михаил
falileevas
tkozina
siger06297