vkorz594
?>

1-тапсырма. Жұптық жұмыс Мәтінді мұқият оқып, ондағы ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлемдер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз. Жауабыңызды жұбыңызбен алмасып, толықтырулар енгізіңіз.Жәудір: Назерке, кешегі мектептегі хабарландыруды естідің бе?Назерке: Қандай хабарландыру естімедім, Жәудір?Жәудір: Тарих пәнінің мұғалімі бізді қаламыздағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында Д.Рамазанның "Абылайханның арманы" тарихи драмасына алып барады екен. Сен барасың ба?Назерке: Сағат нешеде болады?Жәудір: 18:30-да басталады. Назерке: Жоқ. Мен бара алмайм.Жәудір: Неге бармайсың? Назерке: Қойш, уақытым жоқ!Жәудір: Ал мен бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, тарихымыздан сыр шертетін қойылымды тамашалап қайтамын быстр найти

Казахский язык

Ответы

chavagorin
Ақтау қаласында ЖАҢА МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

Белгілі жыршы-термеші Сүгір Бегендікұлын кім білмейді? Оның орындауындағы шығармалар мәдениетіміздің ұлттық қазынасына айналды. Әсіресе, батыс өңірінің, соның ішінде Маңғыстаудың дәстүрлі ән, жыр мектебін қалыптастыруда оның өзіндік үлесі мен қолтаңбасы бар. Бүгінде Сүгірдің сазы, Сүгірдің термесі кең-байтақ қазақ елін шарлап кетті. Шет елдерде де орындалып, қазақ деген халықтың терме өнерінің құдіретін әлемге таратып, паш етті. Оның шығармасын орындаушылардың бүтін бір тобы қалыптасты.

С.Бегендікұлы жақсы орындаушы болумен бірге, өзі ән-терме шығарып, өзіндік мектеп қалыптастырған белгілі сазгер де. Мәселен, қазіргі күнде сахнадан түспей орындалып жүрген «Сүгірдің термесі» соның бір мысалы. Оның қайталанбас, өзіндік мақамын айтыс ақындары да пайдаланып жүр. Осындай тума талантқа өзінің кіндік қаны тамған жерінде құрмет те аз көрсетіліп жатқан жоқ. Кызылсай ауылындағы орта мектеп оның атымен аталады. Мектеп алдына келісті ескерткіші де қойылды. Осының барлығы белгілі өнер иесіне деген халықтың ыстық ықыласы деп білген жөн.

Қашан да тума таланттар мен шығармашылық азаматтарға қамқор болып, қолдап жүретін Жаңаөзен қаласының әкімдігі өнер сүйер қауымның өтініші мен тілегін ескере отырып, термеші сазгердің Қызылсай ауылынан жеке мұражайын ашуға мұрындық болды. Және осы игілікті істің басы-қасында жүрген ауыл әкімдігі мен ақсақалдар кеңесінің еңбегін де ұмытуға болмайды.

Жаңа мұражайдың ашылуы ауылда үлкен той ретінде өтті. Ақындар айтысы мен мүшәйрасы, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Сүгірдің шығармаларын қазіргі жас өнерпаздар келстіре орындады. Салтанатқа Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев қатысып, жаңа нысанның ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, Сүгірдің ізбасарлары жас толқынға дәстүрлі халық өнерін дамытып, насихаттауда ақ жол тіледі. Шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан  бір топ азаматтарды марапаттады.

Осы арада айрықша бір айта кетер мәселе, соңғы жылдары аймақтың шығармашылық азаматтары мен жастарын көтермелеп, қолдау білдіру де жақсы бір дәстүрдің қалыптасып келе жатқандығы. Бұған бірнеше жергілікті авторлардың кітабының шығып, шығармашылық кештерінің өтуі куә. Соның бір мысалы ретінде жақында ғана елімізге белгілі дүлдүл күйші Сержан Шакраттың 75 жылдық мерейтойының аймақ көлемінде аталып өтуі. 

Қазір Маңғыстауда рухани түлеу мен жаңару бар. Халықтық дәстүр мен өнерді құрметтеп, көкке көтеру бар. Бұл аймақтың жан- жақты кемелдене түскендігін көрсетеді. Жерлесіміз Сүгір Бегендікұлына көрсетілген құрмет соның бір мысалы.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

1-тапсырма. Жұптық жұмыс Мәтінді мұқият оқып, ондағы ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлемдер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз. Жауабыңызды жұбыңызбен алмасып, толықтырулар енгізіңіз.Жәудір: Назерке, кешегі мектептегі хабарландыруды естідің бе?Назерке: Қандай хабарландыру естімедім, Жәудір?Жәудір: Тарих пәнінің мұғалімі бізді қаламыздағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында Д.Рамазанның "Абылайханның арманы" тарихи драмасына алып барады екен. Сен барасың ба?Назерке: Сағат нешеде болады?Жәудір: 18:30-да басталады. Назерке: Жоқ. Мен бара алмайм.Жәудір: Неге бармайсың? Назерке: Қойш, уақытым жоқ!Жәудір: Ал мен бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, тарихымыздан сыр шертетін қойылымды тамашалап қайтамын быстр найти
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

xarfagr
aleksey270593
mail2017
info2990
Людмила Анна
irina611901
anchutk3016
Валуева
kap393
annakorolkova79
Yumashev
andrew55588201824
alislisa191
lakeeva90
Карева Даниил1537