Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала - шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді.
Қазақстан Республикасы екі құрлықтың –Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде, солтүстік жарты шарда орналасқан ірі мемлекет. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан- Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Индия және Австралия мемлекеттерінен кейінгі 9 орынға ие болып отыр.
Қазақстан мына елдермен шекаралас: ҚХР-мен -1460 км, Қырғызстанмен -980 км, Түркменстанмен – 380 км, Өзбекстанмен – 2300 км, Ресей Федерациясымен – 6467 км. Шекараның жалпы ұзақтығы Каспии бойындағы 600 км шекараны қоса алғанда 12187 км.
Республика аумағы Батыс Сібір жазығынан оңтүстіктегі Тянь-Шань тау жүйесі және солтүстіктегі Қызылқұм шөліне дейін екі сағаттық белдеуді ала отырып, батыстағы Волганың төменгі ағысынан шығыстағы Алтай тауларының етегіне дейін созылып жатыр.
Еліміздің климаты шұғыл континентальды. Қаңтар айындағы орташа температура Цельсии бағаны бойынша -19-дан -4 Сº-қа дейін, шілдедегі орташа температура +19-дан +26 Сº- ты көрсетеді. Қыста ең төменгі температура -45Сº-қа, ең жоғары температура +30Сº-қа дейін жетеді.
Табиғаты
Қазақстан Республикасы ерекше және бай биологиялық ланшафттардың күрделілігімен ерекшеленеді. Оның табиғат аймақтары солтүстік шөлейттерден, алпі шалғындары мен мәңгілік қарлы ланшафттардан тұрады.
Қазақстанда 8,5 мың үлкен және кіші өзендер бар. Қазақстанның ең үлкен өзендері Каспий теңізіне құятын Орал және Эмба, Арал теңізіне құятын Сырдария. Ертіс, Есіл, Тобыл Республикамызды кесіп өтіп Солтүстік Мұзды мұхитқа құяды.
Қазақстанда 48000 үлкен және кіші көлдер бар. Олардың ішіндегі ең үлкендері- Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Сілетітеңіз. Дүние жүзінің ең үлкен теңізі- Каспий теңізінің солтүстігінің үлкен бөлігі және шығыс жағалауының жартысы Қазақстанға қарайды.
Саяси құрылымы
Қазақстан – конституциялық парламенттік- президенттік республика.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сөздер мен сөз тіркестерін мағанасына қарай сəйкестіндер
3 ә
4 д
6 ғ
7 б
5 пен 1 ді білми тұрмын