Объяснение:
1.Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.
«Баланы – жастан» дегенге мен де толық қосыламын. Бірде Бернард Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы, баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?» деп сұрамай ма, сонда атақты драматург қарсы сауал қойыпты: «Балаңыз қанша жаста?». «Өмірге келгеніне екі апта болды», депті оған сауал қоюшы. Сонда Б.Шоу: «Сіз дәл екі аптаға кешіктіңіз» деген екен. Мұның өзі достық нақышта айтылғанмен, астарында шындық жатыр.
Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры.
Ал нәресте өмірінің нәрі - Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді. Атақты орыс жазушысы М. Горькийдің: «Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған»,- деуі де сол шындықты айқындайды. Әрине, сондықтан да дүние жүзінің барлық елдерінде Отанға опасыздық пен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады.
қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
Сочинения и эссе - Сочинения и эссе на казахском
08.05.2017 11:09
Ш.Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
Қазақ әдебиетіндегі көпетеген поэмаларда кейіпкерлерден болашағымызға улгі етерлік қасиеттері мен өзіміздің бойымыздан алшақ етуге тырысатын қасиеттер болады.Қазақ әдебиетінің шығармашылығында кейіпкердің бейнесін керемет суреттейді.Соның бірі Шәкәрім Құдайбердиевтің Еңлік-Кебек поэмасындағы екі ғашықтың бейнесі.Батыр Кебек пен тік мінезді сұлу Еңліктің бейнелерін оқып отырып көзге елестете аламыз.Кебектің батырлық ер мінезіді,парасатты әрі ақылды ер екені,ел-жұрты үшін жасқанбайтын азамат екенін білеміз.Еңліктің сұлулығымен қатар бойындағы батылдықпен күресшілдік қасиетерін байқаймыз.Бірақ Еңліктің бойынан қазақ қызына тән емес қасиеттері байқалады.Еңліктің қай мінезі қазақ қызына сай емес екендігін талдап көрейік.
Біріншіден,Еңліктің бойындағы еркекшоралық.Ер балаша киіну қазақ қызына мүлдем жараспайды.Қазақ қыздары ұзын көйлекпен орамал киюдің арқасында өздерінің гүлдей нәзік сұлу жандар екенін көрсете білген.Еңліктің ер балаша әрекет жасауы да қазақ қызына жат қылықтың бірі.
Екіншіден,қазақ қызы ешқашан ата-анасына қарсы шықпаған,ата-анасының ақ батасын алмай кетпеген.Еңлік өзінің атастырылған адамы бар екенін біле тұра ол Кебекке өз сезімін айтадаы.Еңліктің Кебекпен қашып кеткенін есту қыздың ата-анасына оңай болмады.Қазақ қызы ешқашан ата-анасының рұқсатынсыз қашып кетпейді.Ата-анасы қабылдаған шешіміне Еңліктің қарсы шығуыда қазақ қызына кереғар мінездерінің бірі.Қыз бала өзінің орнын білген,үлкендердің шешіміне қарсы шықпаған. "Мен жүрген бір сорлымынбағым жанбай" деп Кебекке өзінің басқаға атастырылып сорлының кейіпін кешіп жүргенін айтады.Еңліктің бойында қыз балаға тән ұяңдық байқалмайды.Қазақ қызы әрдайым гүлдей нәзік ,тәрбиелі жан болуы қажет.Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрмет тұтады.Парасаттылығы мен инабаттылығы бойында,көркіне ақылы сай қазақ қыздары әрдайым ұлтымыздың ұлылығының дәлелі бола алады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Канагаттандырылмагандарыныздан калай соз курамына талданады?