vovkiv7864
?>

ответить на вопросы 1)тұрақты сөз тіркестеріне тән ерекшеліктерді атаңдар. мысал келтіріңдер. 2)отбасында ұл ға қандай, қыз ға қандай істерді үйретеді. 3)тұрақты сөз тіркестері сөйлемге қандай мән береді? мысал келтіріңдер.

Казахский язык

Ответы

Alisa

1) Орын жағынан әбден қалыптаскан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданылатын тіркесті – тұрақты тіркес дейміз.Тұрақты тіркестер ғылым тілінде фразеологизм деп те аталады.Ерекшеліктері: 1.Тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді.Мысалы: "қабырғаңмен кеңес" — "ойлан", "бесіктен белі шықпай" — "ерте" мағыналарын білдіреді.

2.Құрамындағы сөзді басқа сөзбен алмастыруға келмейді."Қой аузынан шөп алмас" дегеннің орнына - "түйе аузынан шөп алмас","ит жанды" дегеннің орнына "мысық жанды" деп өзгертіп айтуға болмайды.

3.Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Сөйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елге қызмет етеді. Осы сөйлемдегі "көзі ашық, көкірегі ояу" тұрақты тіркестің сұрағы қандай?" Саналы " деген бір мағынаны білдіреді, анықтауыштық қызмет атқарады.

2) "Ата көрген – оқ жонар,ана – көрген тон пішер" демекші,қазақ отбасында ұл бала әкеге қарап,қыз бала анаға қарап есейеді.Екеуі ата-анадан бірдей тәрбие алғанымен,олардың істейтін істерінде айырмашылық болады.Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш,малсақ, жауынгер,әншi,күйшi,аңшы,құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен.Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi,iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар сiңiрген.Әсiресе,әкелерi мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның алуан тәсiлдерiн үйретуге тырысқан.Қыздардың инабатты да ақылды, көргенді болып өсуі анасынан алған тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.Анасы қызын аналық махаббатқа бөлеп,сырласып,үй шаруасына икемдеп,рет-ретімен санасына сіңіріп,ертең бір шаңырақтың келіні болатынын есіне салып отырады.Аналары өз қыздарына тоқыма тоқып, құрақ құрап,кесте тігу,үй ұстауды,тамақ пісіруді,кір жууды,қонақ күтуді жетік үйретеді.

3) Тұрақты тіркес көркемдеуіш сөздерге жатады.Тұрақты тіркеспен сөйлемге мән мен сән беріп,оны жандандыра аласың.Мұндай тіркес сөйлемде көркем, бейнелі бір ұғымды білдіреді:қой аузынан шөп алмас — жуас, ит жанды — көнбіс, таяқ тастам — жақын, мұзға отырғызып кету — алдау, жұмған аузын ашпау — үндемеу, көзді ашып-жұмғанша — лезде деген мағыналарды білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады. 

voen-torg

1. «Ел ордасы - астана» тақырыбына эссе жазыңдар (көлемі 7-9 сөйлем).

Әр республиканың өз астанасы болады. Қазақстанның бас қаласы - Астана. Қазір бұл Астана атауы бірінші президентіміздің құрметіне Нұр - Сұлтан деп аталған. Астана кең байтақ жеріміздің бас қаласы. Аяулым астанамызда ел басымыздың қолтаңбасы қалған. Астана - бас қала. Ел басымыздың Бұл қаланы Қазақстанның астанасы етіп таңдауының өз себебі бар. Астана қандастарымыздың тірегі.

2. Омоним, синоним, антоним дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

Омоним дегеніміз: жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер.

Мысалы: Алма сөзі.Бір нәрсені алма.Қыздың есімі - АлмаАлма жемісі.

Синоним дегеніміз - жазылуы әртүрлі, мағына жағынан ұқсас сөздер.

Мысалы: Көрікті - әдемі - сұлу.Мықты - күшті - жігерлі.Мейірімді - жомарт - қайырымды.

Антоним дегеніміз - мағыналары қарама қарсы сөздер.

Мысалы: биік - аласа.Ұзын - қысқа.Ержүрек- қорқақ.

3. Мемлекет, ауыл сөздерін тәуелдеңдер.

Мемлекет

Жекешке:

Менің мемлекетім

Сенің мемлекетің

Сіздің мемлекетіңіз

Оның мемлекеті.

Көпше:

Біздің мемлекетіміз

Сендердің мемлекеттерің

Сіздердің мемлекеттеріңіз

Олардың мемлекеттері.

Ауыл

Жекеше:

Менің ауылым

Сенің ауылың

Сіздің ауылыңыз

Оның ауылы.

Көпше:

Біздің ауылдарымыз

Сендердің ауылдарың

Сіздердің ауылдарыңызы

Олардың ауылдары.

Yekaterina_Popova1413

Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған үлкен қозғалысты - Жетісу облысында Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, С. Қанаев, Қ. Шорманов, Қ. Құдайбергенов, Т. Бокин, Б. Әшекеев; Торғай облысында Ә. Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдин; Ақмола облысында Ә. Майкөтов; Бөкей даласында С. Меңдешев; Ақтөбе облысында Б. Алманов; Сырдария облысында Т. Рысқұлов; Орал облысында Ә. Әйтиевтер басқарды. 1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі - Жетісу. 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент - Таранша болысының Городское елді аймағындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетулерден басталды. Сол жылғы 7, 8 шілденің алғашқы күндері Верныйдан шамамен 40 шақырымдай Үшқоңыр деген жерде төңіректігі болыстардағы қазақ халқының өкілдері сьезге жиналды

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

ответить на вопросы 1)тұрақты сөз тіркестеріне тән ерекшеліктерді атаңдар. мысал келтіріңдер. 2)отбасында ұл ға қандай, қыз ға қандай істерді үйретеді. 3)тұрақты сөз тіркестері сөйлемге қандай мән береді? мысал келтіріңдер.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

alexderru
Tane4ka2110
fominovaVladislav1346
Prokopeva1062
Tatarnikova1507
vintazhvintazh90
proh-dorohova5244
egorstebenev6
oksanakv1950
Kondratev Ruzavina22
Femida76
galtig83
borisov
ВайсманКреденс357
Анна Елена