vladimir152
?>

Написать на казахском языке про нашу родную землю

Казахский язык

Ответы

e90969692976
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
drontox1031
ҒАРЫШ— Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш «Жер төңірегіндегі» кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады. 
ҒАРЫШ АЛАҢЫ, космодром — ғарыштық аппараттарды (ҒА) құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: технологиялық позиция, старттық жөне командалық өлшеу кешен-дері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан күрылыстардан тұрады. Ғарыш алаңының жабдыктары арнайы технологиялық және жалпы технологиялық жабдықтарға ажыратылады. Ракета тасыгыш (РТ) пен ғарыштык аппаратты (ҒА) тасымалдауға, күрастыруға, сынауға, үшыру жүйесіне орнатуға, жанар май қүйып, үшұға дайындайтын және үшұды басқаратын жабдықтар арнайы технологиялық жабдықтарға жатады. Ал электр энергиясын беретін, жарықгандыру, жылыту, желдету, өрт сөндіру, гермети-каландыру, байланыс жүйесі, сумен жабдықтау, лифт, қашықтан автоматты басқару жүйелері жалпы техникалық жабдықтар тобына енеді. 
reznikvi

Әнші құм Жетісу жеріндегі Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан тауларының етегінде жатыр. Құмды төбенің биіктігі – 150 метр. Ұзындығы – 8, ені – 3 шақырым. Әнші құмның бұлай аталуының өз сыры бар. Мұндағы Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп тұрады. Соның әсерінен, құм төбелер де әрқилы бағытта пайда болады. Кешегі бейнелі суретті бүгін елестете алмайсың. Үнемі құбылып отырады. Жел соққан кезде електен өткендей іріктелген майда құм сусылдап, төмен қарай жылжиды. Осы кезде сырнайдың даусына ұқсас әдемі әуен құлаққа естіледі. Керісінше, жел күшейе соқса, әлгі әдемі үн реактивті ұшақтың гүріліне ұқсайды. Бейне құбыжық келе жатқандай күй кешесің.

Табиғат-Ана тудырған осы бір құпиясы мол ғажап әуенді есту үшін бұл жерге адамдар әдейі ат басын бұрады. Мұнда шетелден ағылған туристерді де жиі ұшыратасың. Табиғат тудырған мұндай ғажайып «әнші» ешбір елде жоқ шығар, сірә!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Написать на казахском языке про нашу родную землю
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Nadegdasb
Витальевна
savva-vika
olofinskayae
смирнов1127
Kisuha8465
СветланаВАЛМОС
annino
АлександровнаВладимирович1424
Эвелина
Anatolevich667
akudryashov
FATAHOVAMAINA
Vitalevich1799
Александровна-Грузман