2019 жылы Қазақстанда өтетін басты оқиға ұлттық халық санағы болмақ. Биыл билік қазақстандықтардың санын жаңа әдіспен есептегелі отыр. Халық санағына Қазақстанның барлық азаматы, соның ішінде кәмелетке толмағандар, елде уақытша тұратындар мен шетелге уақытша кеткендер, шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар да қатысады. Бұған қоса, үнемі шетелде тұратын қазақстандықтар да есепке алынады. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік.Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
казахский язык «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларыОқылымҚазақстанда демалу неге тиімсіз?Анекдоттан бастайық.Дубай. Бес жұлдызды қонақ үй. Қазақстаннан келген екі жолдас кездесіп қалады. Бір- бірін жарылқаған кейіпте хал сұрасқан екеудің пысықтау келгені: «Бурабайда демалатын ақшаң болмады ма?..» - дейді...Бұл анекдоттан біз шындықты ғана көре аламыз. «Бурабайдағы» белгілі қонақ үйлердің бірінде түнеу үшін кемінде 55 мың теңгеге шығындаласыз. Ал Түркиядағы қымбат қонақ үйде 1 күн өткізу үшін 38 мың теңгеңіз болса жеткілікті. Айырмашылықты анық байқап отырған болуыңыз керек.Жай ғана кіріс туризмінің классикалық есебін шығарайықшы: Бір шетелдік турист елге күніне 100 доллар шамасында кіріс алып келеді. Ішкі туризмнен де пайда айтарлықтай көп және ішкі туризм сыртқыға қарағанда халық үшін тиімді һәм қауіпсіз.Иә, бұл - екі маңызды артықшылық. Бірақ неге ел тұрғындары өзіміздің Швейцариямыз - Бурабайға, болмаса өзге де көрікті жерлерге бармай, турагенттіктердің табалдырығын тоздырып, Түркия мен Қытайға жолдама алуға асығады? Айтпақшы, Бурабай ел орталығы Астанадан тым алыс жатқан жоқ. Сол себепті курортқа дейін керемет жол тартылған. Бірақ...Елдегі туристік орындар туралы мағлұматтарды біз алдымен интернеттен іздей бастаймыз. Міне, олқылығымыз да, кемшілігіміз де осы жерден байқалады. Айтыңызшы, отандық демалыс орындары туралы толық әрі сапалы ақпарат беретін сайтты кездестірдіңіз бе?Сервистік қызмет, қонақ үй бизнесі туризм саласымен тығыз байланыста. Сондықтан олардың проблемалары да бір: қымбат бағаға нашар қызмет көрсету, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі, т.б. Қазақстандық туристік ұйымдар қауымдастығының өкілі Айдар Кенжеғұловтың пікірінше, қызмет көрсету деңгейі ғана төмен емес, бізде туризммен байланысты кәсіпкерлік жұмыстар да дұрыс жолға қойылмаған...1 –тапсырма.Мәтіндегі негізгі ойды 2 сөйлеммен жазыңыз [2]А)Б)2 –тапсырма. Сұраққа қысқа жауап беріңіз.Қазақстандық туристік ұйымдар қауымдастығы өкілінің пікірін қалай түсінесіз? [1]3- тапсырма. Мәтін бойынша шетел мен Қазақстан туризмін салыстырыңыз.Қазақстан туризмі Шетел туризмі[2]4 –тапсырма. Отандық туризмнің дамуына не кедергі? Мәтін бойынша екі дұрыс жауапты анықтап, белгісін (+) қойыңыз.A білікті мамандардың аздығы B ел брендтері дамымаған C заңда толыққарастырылмаған D Қазақстан жолдары нашар I маркетинг жетілдірілмеген F сапалы жарнама жоқ [ 2]ЖазылымБерілген үш сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға белгісін (+) қойыңыз. Жазба жұмыстарында себеп, қимыл-сын, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.[8]1 □ 2 □ 3 □1. Жаһандық мәселе: демографияСіз география пәні бойынша еліміздің демографиялық жағдайын зерттеп жүрсіз. Осы зерттеуіңіз туралы шағын мақала жазыңыз.2. Роботтар мен киборгтер әлеміОқушылар арасындағы мектепішілік олимпиадада «Сіздің ойыңызша, болашақта адам еңбегін роботтар толықтай алмастыра алады ма?» тақырыбында эссе жазу тапсырылды. Берілген тақырыпта аргументативті эссе жазыңыз.3. Қазақстандық туризм және экотуризмТуристік кітапшаға арнап өзіңіз тұратын қала немесе аймақ туралы нұсқаулық мәтінін жазыңыз. Аймақ туралы барынша толық ақпарат беріп, туристерді қызықтыруға тырысыңыз.