nelli-bi6
?>

Сочинение на казахском языке из 100 слов на тему семья

Казахский язык

Ответы

victoriadan
Әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады
Vladimirovna Dmitrieva

Сонда ұстазы шәкіртінің қолына қарамай -ақ : Шәкіртім асықпа, әр нәрсені жасағанда оны ойланып барып жасаған дұрыс.Жеті рет өлшеп,бір рет кес демейме дана халық. Сенің ойың маған мәлім.Мен қазір ол көбекті өлі десем де,тірі десем де дұрыс болмас.Өйткені оның өмірін осы жерде тоқтату да, тірі қалдырып жалғастыру да сенің қолында.Бір нәрсені дәлелдеуге, ешкімнің тағдырын қимағаның жөн》,-деп жауабын аяқтады.Сонда шәкірті ойланып жасамаған әрекетінен ұялып, көбелекті жібере салды.

Үзіндідегі негізгі ой жамандық жасамауға негізделген.

Artak96993298

Еліміздің жыл басында кү­тер ең маңызды жаңалығы – Ел­басының халыққа Жолдауы. Себебі, кез келген ел бола­ша­ғының жарқын болуын арман­дайды, атар таңға сеніммен, үлкен үмітпен қарайды. Қазіргі уақытта әлемде түрлі техногендік апаттар, катаклизмалар орын алып жатқанда халықтың жарқын болашақты, бейбіт өмір­ді аңсауы заңды құбылыс. Міне, осындай кезеңде ел бас­қарған басшының аузынан шық­қан әрбір сөзін жіті қадағалап, сараптан өткізіп отыру дағдылы әдетке айналып кеткендей. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қа­лаймыз» деп аталатын биылғы Жолдауы көңілдегі күмәнді сейілткендей, жүрекке берік сенім ұялатқандай әсер етті. Әсіресе, мемлекеттік тілге қатысты «Біз мемлекеттік қызметте, басқару жүйесінде ана тілімізге өтуіміз керек», деген Елбасының сөзін ел тізгінін ұстап отырғандар шын мәнінде орындаса, біздің қоғам армандап жүрген күн елес болмай, шындыққа айналар еді. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­лама­сының негізгі мақсатының бірі «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты» деп аталуы тегін емес. Мемлекеттік тілді дамытып, оның коммуникативтік қызметі нығаюда. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіршілік қыз­меті­нің барлық саласына қолда­ну үшін ең алдымен мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру қажет. Ол үшін балабақша-мектеп-орта арнаулы оқу орны-жоғары оқу орны-жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім беру-білім жетілдіру орын­да­рын­дағы мемлекеттік тілдің оқы­тылуын жүйелеп түзіп алу керек, олардың өзара сабақтас­тығын сақтау керек. Яғни, мемлекеттік тілді оқытудың инфра­құрылымын дамыту кезек күт­тір­мейтін мәселе. Сонан кейін мемлекеттік тілді оқыту үрдісін жандандыру, мемлекеттік тілді оқытатын үздік оқытушылар­дың тәжірибелерін тарату, олар­ға арнайы тіл порталдарын ашу, т.б. жұмыстар үздіксіз жүргі­зіліп отырса, жауыр болған тіл мәселесі бір арнаға түсер еді деп ойлаймыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында білім саласына ар­найы тоқталды. «Әлем мем­ле­кеттерінің рейтингісі бойынша 110 елдің арасында 50-ші орын­ға ие болдық. Сөйтіп, еліміз білім беру саласы бойынша 129 елдің арасында қуатты көш­бас­таушы елге айналды», деп ерекше атап өтті.

Объяснение: в интернете нашла , сори если не

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинение на казахском языке из 100 слов на тему семья
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Акоповна
Дмитриевич Бирковская69
mihalewanadia20176987
Serdechnaya636
Svetlana290419
Vladstreletskiy
pbttehnology
Ruzalina_Svetlana1435
васильевич
Vip2002www86
Ольга1915
kadrevproduction
konstantinslivkov
dnikolay365
fetisov68av