Ыбырай алтынсарин (шын аты — ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
ыбырай алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. ол 1841 жылы қазіргі қостанай облысының аумағында дүниеге келген. әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын қожа жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. ыбырай кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. көп оқыды, ресей қоғамының білімді жиі араласып тұрды. орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым в.в григорьевпен жақын танысып алды. ол өзінің бай кітапханасымен ыбырай алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.қызметі
халық ағартушы, ақын, жазушы
туған күні
2 қараша 1841
туған жері
арқарағай, қостанай облысының қостанай ауданы , аманқарағай ауданы, күнтимес орда-қыстауы
ұлты
қазақ.қайтыс болған күні
29 шілде 1889 (47 жас)
Киларджиева Диана440
22.11.2022
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. А ң татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
zoocenterivanoff51
22.11.2022
Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады. Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның "Қүтадғу білік” еңбегі, Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Ахмет Йүгінекидің "Һибат Ұл һақайық” еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің "Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – а үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), "Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр.
ыбырай алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. ол 1841 жылы қазіргі қостанай облысының аумағында дүниеге келген. әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын қожа жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. ыбырай кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. көп оқыды, ресей қоғамының білімді жиі араласып тұрды. орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым в.в григорьевпен жақын танысып алды. ол өзінің бай кітапханасымен ыбырай алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.қызметі
халық ағартушы, ақын, жазушы
туған күні
2 қараша 1841
туған жері
арқарағай, қостанай облысының қостанай ауданы , аманқарағай ауданы, күнтимес орда-қыстауы
ұлты
қазақ.қайтыс болған күні
29 шілде 1889 (47 жас)