Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Әкесінің әлденені есептеп, жазып отырғанын көрген Асан есімді бала өз бөлмесіне жүгіріп кеп, ойына алған нәрсені орындауға кіріседі. Анасына көрсеткен азын-аулақ көмегі үшін ақша сұрамақшы болады. Келесі күні анасы ас үйдегі үстелдің үстінен бір қағаз тауып алады. Ондағы жазу мынау екен: «Анасының ұлы Асанға қарызы: -дүкеннен сөмке тасығаны үшін – 50 теңге; -хаттарды поштаға салғаны үшін – 30 теңге; -жақсы бала болғаны үшін – 150 теңге; -гүлдерге су құйғаны үшін – 50 теңге; -Барлығы – 280 теңге» Асанның бұл әрекетін қалай бағалар едіңдер?